Шегірткемен күреске бюджеттен 7 млрд теңге бөлінеді

188

Көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артқан. 

Шегірткемен күреске бюджеттен 7 млрд теңге бөлінеді Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шегірткемен күреске дайындық барысы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Былтырғы проблемаларды ескердік. 7 млрд теңге қаражат дайын. Резервтегі де ақшаны көздедік. Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды. Қосымша қаражат қарап жатырмыз. Өткен жылғыдай жағдай болмайды. Химиялық реагенттер сатып алынды, техника дайын", - деді министр Сенат кулуарында.

Бұдан басқа билік көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемін арттырыпты. Былтыр осы мақсатқа 350 млрд теңге бөлінген, биыл қарастырылған сома көлемі – 700 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу