Егістікті шегірткеден қорғау үшін 2 миллион гектарға жуық жер өңделеді

833

Егістікті шегірткеден қорғау үшін 2 миллион гектарға жуық жер өңделеді

Елімізде шегіртке қаптап кетпеуі үшін биыл 1 миллион 900 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 400 мың гектарға көп. Қанатты зиянкестердің негізгі ошағы ОҚО, Жамбыл, ШҚО-да тіркелуі мүмкін деген жорамал бар. Сондай-ақ Ресейдің Астрахан өңірінен шегірткенің ауып келу қаупін де жоққа шығаруға болмайды.

Қостанайда бас қосқан екі елдің сала мамандары осы бағытта атқарылатын шараларды тағы бір пысықтады. Айтуларынша, шекаралас өңірлер астық зиянкестеріне қарсы күреске толық дайын.

"Қазақстанмен шектесетін өңірлер жайында айтсақ, Астраханда қанатты зиянкестің пайда болу ықтималдылығы зор. Сондай-ақ Дағыстан, Қалмық республикаларында марокко шегірткесінің таралу қаупі байқалып отыр. Олар Каспий арқылы Қазақстанға ұшып жетуі мүмкін", - дейді Ресей ауылшаруашылық орталығы директорының орынбасары Дмитрий Говоров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу