Шегірткемен күресуге бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді

1151

Бұл қаржы барлық болжанып отырған аумақтар үшін пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтерін сатып алуға жеткілікті.

Шегірткемен күресуге  бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді

Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктері шекараға жақын аумақтарында зиянкес шегірткеге қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өткізді

Екі ел министрлігі мамандарының жыл сайынғы кеңесі биыл видео конференция  режимінде өтті, деп inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазады. Тараптар ауыл шаруашылығы зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөнінде жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат алмасты. Сондай-ақ, осы бағыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Алмабек Марс ресейлік әріптестеріне 2020 жылы Қазақстанда шегірткелерді улау жұмыстары 515 мың гектарға жүргізілгенін, ал биыл зиянкестер 640 мың гектар жерге таралуы мүмкін деп хабарлады.

Қазіргі уақытта Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитеті зиянкестердің таралу ошақтарын анықтау және химиялық өңдеу жүргізу жұмыстарын уақтылы бастау үшін дайындық іс-шараларын аяқтауда.

Айта кету керек, биыл Ресей Федерациясы 590 мың гектарға жуық аумаққа зиянкес шегірткеден қорғану жұмыстарын жүргізеді, деп болжанып отыр.

Онлайн-кеңестің қорытындысы бойынша 2021 жылға арналған Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының шекара маңы аумақтарында зиянкес шегірткенің таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу