Журналистер Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан шегірткеге қатысты пікір білдіруін сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер Үкімет отырысынан кейінгі брифингте министрден шегірткені жеуге бола ма деп сұрады.
Ақмарал Әлназарова бұл сұраққа пікір білдірмейтінін кесіп айтты.
"Әрбір мемлекеттің өзінің дәстүрі бар. Қазаққа тән емес дәстүр деп білемін. Сондықтан қазір оның зияны, пайдасы бар, халал, халал емес деп айтуға дайын емеспін. Менің құзыретіме кірмейді", - деп жауап берді ведомство басшысы.
Айта кету керек, жақында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин "шегіртке – халал өнім" деп мәлімдеген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу