Шегірткенің табиғи түрде ең көп таралуы биылға келіп тұр

261

Көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін 140 млрд теңге бөлінді.

Шегірткенің табиғи түрде ең көп таралуы биылға келіп тұр Фото: yandex.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарында фитосанитариялық жағдайға ерекше назар аудару керек екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Фитосанитариялық жағдайға ерекше назар аударған жөн. Шегірткенің табиғи түрде ең көп таралуы биылға келіп тұр. Бұл мәселеге қатаң жауапкершілікпен қарау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, зиянкестердің таралу орындарын анықтауға қосымша ресурстарды жұмылдыруды және өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырамын. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша барлық мәселелер жедел шешімін тауып, тұрақты бақылауда болуға тиіс", - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы туындаған мәселелерді АШМ жанындағы жедел штаб жұмысы аясында шешу қажет екенін баса айтты.

Оның сөзінше, Үкімет көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдады.

"Бұл мақсатқа 140 млрд теңге бөлінді. Форвардтық сатып алу бағдарламасы да жалғасын тапты. Биыл оған 40 млрд теңге көзделген", - деп толықтырды Премьер-Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу