Ал жолда тексеріс жүргізген Грекия полициясы тоңазытқыш ішіне жасырынып, шекара аспақ болған 41 босқынды ұстады, деп хабарлайды Atameken Business.
Олар - Ауғанстан азаматтары. Абырой болғанда, жүк көлігіндегі тоңазытқыш жүйесі іске қосылмаған көрінеді. Бәрі аман-есен.
Оларды тасымалдаған көлік жүргізушісі қамауға алынды. Грекияны босқындардың басып кеткеніне 4 жыл болды. Эгей аралдарындағы лагерьге келушілер қатары толастар емес. Жергілікті жұрт әбден ығыр болды. Өткен айда Лондонға дәл осылай тоңазытқышқа жасырынып, өтпек болған 39 босқын үсіп өлген еді. Олардың барлығы да Вьетнам азаматты. Сондай-ақ, Англияның Эссекс графствосында жүк көлігінен Қытайдан келген 39 адамның мәйіті табылғанын хабарлағанбыз.