Қордай, Ауқаты, Сартөбе бақылау-өткізу бекеттеріндегі ұзынсонар кезек мәселесін шешу керек. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин "Қазақ-Қырғыз шекарасын шегендеу туралы" шартты қарау барысында Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановқа осылай деді.
Төрағаның айтуынша екі елдің шекара пункттерінде көлік кептелісі қос тараптан да көпшіліктің наразылығын тудыруда. Қауіпсіздік комитетінің өкілі келер жылы бекеттердегі қабылдау терезелерінің саны 36-дан 60-қа дейін көбейтілетінін жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу