Шекара бекеттеріне батырлардың атын беру ұсынылды

1116

Шекара бекеттеріне батырлардың атын беру ұсынылды

Еліміздегі шекара бекеттерінің барлығына батырлардың атын беру керек. Бақытбек Смағұл бастаған бір топ депутат ерлердің есімін жаңғырту мәселесін көтерді. Мәжілісмендердің айтуынша 5 мемлекетпен шектесетін, ұзындығы 15 мың шақырымдай болатын шекарамызда 300-ге жуық застава бар. Егер сол шекара бекеттеріне баһадүр бабалардың аты берілсе, бұл ел шебі мен шекара қауіпсіздігін қорғаушы сарбаздардың рухын оятуға негіз болмақ. Сондай-ақ, меценаттарды шекаралық заставаларға көмек көрсетіп, қамқорлық жасауға үндейді. Өйткені, шекарашылар өз қызметі үшін қажеттінің барлығымен қамтамасыз етілгенімен, заставалардың көбі кеңес заманында тұрғызылған және материалдық-техникалық базасы тоза бастаған, дейді депутаттар.

Бақытбек Смағұл, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

"2018-2019 әскери бекетінде болдым, иә болмаса шекара бекетінде болдым дегеннен көрі Жанқожа батыр атындағы шекара заставасында болдым деген қандай адамға рух береді. Ол тек біздің ұмытпау жағынан емес, керісінше біздің рухымызды көтеру үшін керек".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу