Шекара қызметі академиясының 54 курсантына корновирус жұққан

1229

Олардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. 

Шекара қызметі академиясының 54 курсантына корновирус жұққан

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың қатарында ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары да бар. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Шекара қызметі академиясы курсанттарынан коронавирус індеті анықталды. Алғашында 14 адамнан шыққан. Қазір 54 курсанттың осы індетті жұқтырғаны расталды. Олардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдауда",– деді Тілеухан Әбілдаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу