Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Әскери қызметке міндетті адамдарды 2023 жылға шақыру туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"2023 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Алматы және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінде 30 күнтізбелік күн мерзімге әскери дайындықтан өту үшін әскери қызметке 150 адам шақырылсын", - делінген құжатта.
Бұйрық жобасы ҰҚК Шекара қызметінің Алматы және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінің базасында әрбір департаментке 75 адамнан әскерге шақырылушыларды білім мен дағдыға үйрету бойынша әскери дайындықты өткізуге бағытталған.
Құжат Ашық НҚА веб-сайтында 13 сәуірге дейін орналастырылған.