Өскеменде "тапаншамен" қаруланған ер адам жанармай құю бекетін тонап кетті

676

Күдікті жүзін "Кальмар ойынындағы" бетпердемен жасырған, деп жазды inbusiness.kz.

Өскеменде "тапаншамен" қаруланған ер адам жанармай құю бекетін тонап кетті

30 мамыр Өскемендегі полиция бөлімшесіне осы жайт бойынша арыз келіп түсті.

"Белгісіз ер адам әйгілі "Кальмар ойыны" сериалындағы бетпердені тағып, Грейдерная көшесіндегі жанар-жағармай құю бекетіне кіріп, кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассацияда тұрған 2 млн теңгені ұрлап кеткен", – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінде.

Күдікті екі сағата ұсталды. Ол 40 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу