Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов жаза мерзімін қысқаруды өтінуі мүмкін

1069

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов жаза мерзімін қысқаруды өтінуі мүмкін

Ұйымдастырылған қылмыстық топ құрып, пара алғаны үшін сотталған Қазақстанның шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов рақымшылық бойынша жаза мерзімін қысқартуды сұрауы мүмкін.
ҚР әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаевтың мәлімдеуінше, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі комитетінің Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың жаза мерзімін рақымшылыққа сәйкес қысқартуы мүмкін.
Оның берген мәліметіне сүйенсек, Жоламанов жазасын өтеп жатқан мекеме, сотталғанның өзі немесе қорғаушысы рақымшылық алу туралы өтініш бере алады.
"Мұндай келіп жатса, "Рақымшылық туралы" заң бойынша жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін", — деді Абдуллаев сейсенбі күні баспасөз мәслихатында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу