Ант қабылдау рәсімі ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Әлібек Каюповтың бұйрығымен ашылды.
Айтулы шараға 500-ге тарта сарбаз бен олардың алыстан ат арылтып жеткен ата-ана, туған-туыстары мен достары қатысты.
Биыл күзде әскер сапына шақырылған сарбаздардың арасында әскерден кейін Шекара қызметінде қалып, әскери қызметін келісімшарт негізінде жалғастырғысы келетіндер аз емес. Ант қабылдаушылардың арасынан ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсіп, болашақтарын ел шебімен байланыстырғысы келетін сарбаздар жетерлік.
Маңызды шараның соңында шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының сайыпқырандары қалың жұртшылықтың назарына шекара бұзушыларды құрықтау операциясынан сахналық көрсетілім қойды. Бұдан өзге қоян-қолтық ұрыстан тамаша өнер көрсетті.