Шекара маңындағы теміржол станцияларының басшылары қызметтерінен босатылды

1509

Қаржы министрлігі мен ҚТЖ Қорғас АЭА-да СЭҚ қатысушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара маңындағы теміржол станцияларының басшылары қызметтерінен босатылды

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев "KTZE-Khorgos Gateway" құрлық портының, "Нұр жолы" және "Алтынкөл" өткізу пункттерінің жұмысын тексерді.

Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізіліп, онда қазақстандық-қытайлық  шекарадағы бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңыдағы теміржол станцияларының басшылары өз қызметтерінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу