Шекара маңындағы ауылдарды дамытудың бағдарламасы жасалады

1800

ШҚО әкімі Күршім ауданының ақсақалдарымен кездесіп, шекара маңындағы ауылдардың мәселесін қозғады.

Шекара маңындағы ауылдарды дамытудың бағдарламасы жасалады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Күршім ауданының ақсақалдарымен кездесу өткізіп, тұрғындарының саны азайып бара жатқан шекара маңындағы ауылдардың мәселесін қозғады.

"Бұл жағдай Тарбағатай, Катон-Қарағай аудандарына да қатысты. Болашағы жоқ ауылдар қатары, әсіресе, Күршім ауданында көп",– дейді өңір әкімі.

Ақсақалдар Марқакөл ауданын қайта құруды ұсынды. Алайда ол үшін 9 млрд теңге қажет.

Дегенмен әкім ауданды қалпына келтіргеннен бұрын ол қаражатты тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға жұмсаған абзал деп санайды.

"Бір айдың ішінде біз Күршім ауданының шекара маңындағы ауылдық округтерін дамытуға бағытталған бесжылдық бағдарлама жасаймыз. Оны аудан тұрғындары мен ақсақалдардың алдында қорғаймыз. Жоспарға инфрақұрылымды қалпына келтіру, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, білім мен денсаулық салаларын дамыту жұмыстары кіреді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындары ашылады",– деп жазды өңір әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу