Шекара өткелдерінде санитарлық бақылау қатаңдайды

889

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен өңірлерге шекара өткелдерінде қатаң санитарлық бақылауды күшейтуді тапсырды деп хабарлады inbusiness.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Шекара өткелдерінде санитарлық бақылау қатаңдайды Фото: akorda.kz

"Ресеймен шекарада өткізу пунктінің болуы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсерін тигізіп отыр. Автокөліктердің шекаралық өткізу пунктінде жауапты органдардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет",- деді Тоқаев бейсенбі күні Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі Президенттің сайтында жарияланған.

"Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, шекара өткелдерінде қатаң санитарлық-карантиндік бақылау орнатуды тапсырамын", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу