Шекара теңіз флотының құрамы амфибиялық катерлермен толығады

620

Шекара теңіз флотының құрамы амфибиялық катерлермен толығады

Қазақстандық шекара теңіз флотының құрамы таяуда амфибиялық түрдегі ауа жастықты екі катермен толығады, деп хабарлайды 24.kz.

Көп мақсатты жауынгерлік су көліктері күндіз және түнде 25 мильге дейін қашықтыққа ашық теңізге шыға алады. Батпақ, құмды не тасты жағалауда мұз үстімен еркін қозғала алатын амфибиялық катерлер еліміздің шекара флотында бұрын-соңды болмаған. Жобаның жалпы құны – 3 млрд теңге. Оралдағы кеме құрастыру зауытынан шығатын ауа жастықты кемелер осы жылдың жаз айлары Ақтауға жеткізілмек.

"Ауа жастықты амфибиялық катерлер десант және әскери техникаларды ешқандай көлік өте алмайтын жерлермен жүріп өтіп, діттеген жеріне жеткізеді. Озық үлгідегі навигациялық құралдармен жарақтануының арқасында ұтқыр қимылдап, террорлық топтарға күтпеген жерден шабуыл жасауға ыңғайлы. Отандық үлгідегі көпмақсатты әскери катерлердің Каспий жағалауында нәтижелі әрекет етеріне сенім мол", - дейді ҚР ҰҚК ШҚ жағалау күзеті аймақтық басқармасының бастығы Әлібек Каюпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу