Шекарада ара шаруашылығы өнімдерінің заңсыз транзитіне тосқауыл қойылды

92

Тасымалданған ара шаруашылығы өнімдері кері қайтарылды.  

Шекарада ара шаруашылығы өнімдерінің заңсыз транзитіне тосқауыл қойылды Фото: gov.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан "Қарасу" ветеринариялық бақылау бекетінде ветеринариялық-санитариялық инспекторлар ара шаруашылығы өнімдерін заңсыз транзиттік тасымалдау әрекетінің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырғыз Республикасының азаматы өз елінен Ресейге Қазақстан аумағы арқылы транзитпен "DAF" маркалы жүк автокөлігімен бал өнімдерін тасымалдаған. Тексеру барысында өнімге оның қауіпсіздігі мен шығу тегін растайтын міндетті ветеринариялық құжаттардың болмағаны анықталды.

Азаматқа Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 406-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық қызметтің бақылауындағы жүктерді тасымалдауға тек белгіленген ветеринариялық ілеспе құжаттар болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.

Аталған талаптарды сақтау ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, сондай-ақ Қазақстан аумағына қауіпті өнімдердің әкелінуі мен транзитінің алдын алу үшін айрықша маңызды саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу