Шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді

322

Бұл туралы Шекара қызметі хабарлады. 

Шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді Фото: ҰҚК

Шекара кеңістігінде 3 026 ҚР заңнамаларын бұзған адамды ұстады, соның ішінде 2 594 шетел азаматы, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 062 фактісі алдын алды.

Соның ішінде:

  • 25 факті – қару мен оқ-дәрі (2 мылтық, 66 дана суық қару, 3 дана жарық-дыбыс гранатасы, 78 дана оқ-дәрі);
  • 580 факті – 60 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;
  • 376 факті – жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 81 факті – жалпы сомасы 860 млн теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий су айдынында браконьерлік іс-әрекеттердің 5 фактісінің жолы кесілді, заңсыз балық аулау құралдары тәркіленді.

Бұл фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу