Шекарада контрабандалық дубай шоколады тиелген жүк көлігі тоқтатылды

117

Жүргізушіге салықтан жалтару және кеден заңнамасын бұзу бойынша іс қозғалды.  

Шекарада контрабандалық дубай шоколады тиелген жүк көлігі тоқтатылды Фото: islamnews.ru

Германия мен Чехия шекарасында 13 000 плитка контрабандалық дубай шоколады тиелген жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты BILD-қа сілтеме жасап.

Неміс кеден қызметі Чехиямен шекарада ірі көлемде контрабандалық шоколад тиелген жүк көлігін тоқтатты. Ішінен заңсыз тасымалданған танымал дубай шоколадтары табылды.

Сонымен қатар, жүк көлігінен 650 қаптама бал және жалған брендтік тауарлар (киім, сағат және аяқ киім) анықталды.

Жүргізушіге салықтан жалтару және кеден заңнамасын бұзу бойынша іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу