Шекарада қымбат тауарларды жасырын өткізбек болған жүргізуші анықталды

1643

Жыл басынан бері Қазақстан мен Ресейге халық тұтынатын тауарлар ағыны 3 есе артқан.

Шекарада қымбат тауарларды жасырын өткізбек болған жүргізуші анықталды

Қырғызстан шекарасында 3,6 мыңнан аса қымбат тауарды жасырын түрде өткізбек болған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, биыл шекарада Қытайда шығарылған тауарларды жасырын түрде өткізгісі келетіндерің саны артқан. Комитет мұндай фактілерге жол бермес үшін салықтық тексерулер жүргізіп, бақылауды күшейткен.

"2022 жылғы 3 ақпанда тексеріс барысында Қырғыз Республикасының жүк көлігінен 3,6 мыңнан аса қымбат тауар анықталды. Оның ішінде Қытайда жасалған 98 ішік бар", - деп жазылған хабарламада.

Мамандардың пікірінше, тауарға ілеспе құжаттарда ішіктердің көрсетілмеуі ЕАЭО елдерінде міндетті түрде тері бұйымдарын таңбалаудың енгізілуіне байланысты.

"Сондай-ақ тексеріс барысында тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілмеген танымал бренд тауарлары анықталды. Бұл істің материалдары құқық қорғау органдарына жіберіледі. Аталған тауарларды ЕАЭО аумағында өткізудің заңдылығын белгілеу үшін Қырғызстанның құзыретті органдарына сұрау салынады", - деп жазылған хабарламада.

МКК кәсіпкерлер тарапынан мұндай әрекет ЕАЭО-ға мүше елдердің бюджетіне залал келтіретінін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу