Шекарада оққа ұшқан қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

1168

Қайтыс болған азамат екі жолдасымен бірге қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасынан бір үйір жылқыны айдап өтпек болған. 

Шекарада оққа ұшқан қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Қырғыз шекарасында ажал құшқан қазақстандықтың денесі туыстарына қайтарылды.

Еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі таратқан хабарламада, аталған оқиға қатысты тергеу жүріп жатқаны жазылған. Екі елдің құқы қорғау органдары енген арнайы штаб құрылды. Бішкектегі елшілік те тергеуді қатаң бақылауда ұстайды.

Айта кетейік, күні кеше отандасымыз екі жолдасымен бірге қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасынан бір үйір жылқыны айдап өтпек болға еді. Мұны байқап қалған Қырғызстан шекарашылары оқ жаудырған. Салдарынан біреуі қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу