Шекарада ұсталған азамат өзбекстандық емес

1139

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Юсуп Кабулжанов Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұсталған ер адамның өзбекстандық емес екенін мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz. 

Шекарада ұсталған азамат өзбекстандық емес

"Өзбекстанның Алматыдағы бас консулдығына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сәйкес, ұсталған адам Өзбекстан Республикасының азаматы емес", – деп жазды Қабулжанов өзінің телеграм арнасында.

Бұған дейін ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Қазақстан шекарашылары Өзбекстан азаматын отанына кетпек болған кезде ұстағанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оның резеңке оқтан жарақаттанғанын, телефонынан жаппай тәртіпсіздіктер түсірілген видеолар табылғанын мәлім еткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу