Шекарада жалған құжаттары бар 6 жүк көлігі ұсталды

737

Көліктерге халық тұтынатын тауарлар тиелген.

Шекарада жалған құжаттары бар 6 жүк көлігі ұсталды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жалған құжаттары бар 6 жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірде тауарға жалған ілеспе құжаттар бар көліктер анықталды. Оларға киім, аяқ-киім, косметика, ыдыс және тағы басқа халық тұтынатын тауарлар тиелген.

"Қырғызстаннан келе жатқан 6 жүк көлік құралына салықтық тексеру жүргізу барысында құжаттарда Қазақстан алушысы ретінде көрсетілген компанияның аталған тауарлардың импортына ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Тексеріс барысында компания басшысы импортқа қатысы жоғы туралы мәлімдеме жасады", – деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты бұл іс бойынша материалдар тауарларды мемлекет кірісіне айналдыру үшін сотқа жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу