Шекарада жүктің тоқтап тұруы бизнестің шығынына әкеледі

238

Кеден заңнамасы көптеген кәсіпкердің жұмысына әсер етеді.  

Шекарада жүктің тоқтап тұруы бизнестің шығынына әкеледі Фото: Trans.INFO

Бұл туралы "Атамекен" ҰКП Басқарушы директор-кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры Дина Мамашева Сенатта өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің соңғы бағалауы бойынша 70 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. 

"Шекарада жүктің тоқтап тұруы бизнестің шығынына әкеледі. Халықаралық сарапшылардың бағалауына сәйкес, жүктің күн сайын тоқтап тұруынан сауда көлемі 1 пайызға төмендейді. Бұл бизнес үшін ғана емес, Қазақстан экономикасына да үлкен шығындарға әкеледі", - деді Дина Мамашева.

Сөзінше, кеден саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру тетіктері дамымаған. 

"Кеденде бақылаудың бірде-бір түрі тәуекелдерді басқару жүйесінсіз қолданылмайды. Әрине, бұл жақсы. Бірақ екінші жағынан тиісті жүйе жабық, түсініксіз, толық автоматтандырылмаған. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, өткен жылы тәуекелдерді басқару жүйесі жұмысының тиімділігі  6 пайызға, ал 2021 жылмен салыстырғанда 18%-ға төмендеді", - деді спикер. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Ануар Ұзақбаевтың сөзінше, 2022 жылы тәуекелдерді басқару жүйесін қайта қарау бойынша жұмыс жасалды.

"Одан соң шекарадан өту үшін белгілі бір жағдайлар жасалды. Жалпы айтқанда, атқарылған жұмыс сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар санын 70 мыңға дейін арттырды. Оған дейін бұл көрсеткіш 30 мың болатын. Яғни, олардың саны екі есе өсті. Сондай-ақ, елдер арасындағы тауар айналымы артып отыр, сондықтан тәуекелдерді басқару жүйесі жүргізетін бақылау саны да артып келеді", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу