Шекарадағы ауылдарда "Қытайға қош келдіңіз" деген хат келеді

2579

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың айтуына қарағанда, Шығыс Қазақстандағы шекаралы елді мекендерде интернет байланысы нашар.

Шекарадағы ауылдарда "Қытайға қош келдіңіз" деген хат келеді

"Зайсан ауданының Жалши мен Қарасай, Тарбағатай ауданының Асусай мен Жалаңаш ауылдарында интернет жоқ, бірақ телефондарында "бар" деп жазылған. Оның үстіне шекаралы өңірлермен өткенде, телефонға "Қытайға хош келдіңіз" деген хабарлама келеді. Бұл жергілікті халыққа моральдық-психологиялық тұрғыда өте жаман әсер етеді", – дейді депутат мәжілістің жалпы отырысында.

Бұл мәселеден жиынға қатысып отырған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек "бейхабар" екенін айтты. Депутатқа артынан жазбаша жауап бермек.

Депутат бұл мәселені шешу керек деп есептейді.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу