Шекарадағы автомобиль өткізу бекеттері жаңа талапқа сай жаңартылады

116

Шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерін жаңғырту Үкіметтің ерекше бақылауында, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шекарадағы автомобиль өткізу бекеттері жаңа талапқа сай жаңартылады Фото: gov.kz

Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерін жаңғырту мәселесі Үкіметте қаралды. Кеңес Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өтті.

Жиынға Көлік, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында өткізу бекеттерін қайта жаңарту және оларды заманауи техникалық құралдармен жабдықтау жобаларының орындалу барысы талқыланды.

Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, өткізу бекеттерін жаңғырту елдің транзиттік әлеуетін арттырып, шекарадан өту уақытын қысқартуға және азаматтар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Көлік министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өткізу бекеттерінің эскиздік жобаларын қайта қарап, заманауи сәулеттік талаптар мен жолаушылар және жүк ағынын тиімді ұйымдастыруды ескеретін бірыңғай дизайн-код әзірлеу тапсырылды.

Сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдарға құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстап, нысандардағы жаңғырту жұмыстарына тұрақты мониторинг жүргізу міндеті жүктелді.

Үкіметтің мәліметінше, өткізу бекеттерін толық жаңғырту олардың өткізу қабілетін бірнеше есе арттырып, шекаралық және кедендік рәсімдерден өту уақытын қысқартады. Сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қауіпсіз әрі заманауи жағдай жасауға жол ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу