Шекарадағы қақтығыста 13 қырғызстандық қаза тапты

902

Қос ел де шекарадағы шиеленісті реттеуге уағдаласты.

Шекарадағы қақтығыста 13 қырғызстандық қаза тапты Фото: rbc.ru

Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада болған қақтығыста қаза тапқан қырғызстандықтардың саны 13-ке жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиғадан зардап шеккендердің жалпы саны 134-ке дейін өсті. Оның 13-і қайтыс болды", – деді баспасөз қызметінің өкілі.

Оның айтуынша, 25 адам Баткеннен Бішкекке арнайы бортпен жеткізілген. Олар Бішкектегі Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына, ұлттық госпитальға және Ұлттық хирургиялық орталыққа жатқызылды. Зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр, ал өзгелерініңкі орташа.

Қос ел де шекарадағы шиеленісті реттеуге уағдаласты. 

Бұған дейін екі мемлекет арасындағы шекарада атыс болып жатқаны хабарланды. Қырғыз тарапының мәліметі бойынша, тәжіктер бірнеше шекара заставасына оқ жаудырған,бұған жауап ретінде қырғызстандық арнайы күштер "Хожа Алло" деп аталатын тәжік шекара заставасын басып алды. Қақтығыс нәтижесінде екі жақтан да үш-үштен адам қаза тауып, жүзден астам адам жарақат алды. 

Қырғыз тарапы шиеленістің басталуына тәжік тарапының электр желісі бағаналарына бейнебақылау камераларын орнатуы себеп болды деп отыр.  Қырғызстандықтар олардың бұл әрекетіне қарсы шығып, бағананы кеспекші болған. Оның арты тас лақтырысуға ұласып кеткен. Түнде қақтығыс ушығып, Тәжікстанның жергілікті тұрғындары атыс ашқан. Осыдан кейін Қырғызстан округтерінде төтенше жағдай режимі енгізіліп, қақтығыс аймағынан әйелдер мен балаларды эвакуациялау басталды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу