Шекарадағы қақтығыстан зардап шеккен қырғызстандықтардың саны артты

811

36 адам қайтыс болды.

Шекарадағы қақтығыстан зардап шеккен қырғызстандықтардың саны артты

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы қарулы қақтығыс кезінде зардап шеккен қырғызстандықтардың саны 153-ке жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz осы елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Ализа Солтонбекованың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Жалпы,зардап шеккен 189 адам тіркелді, 36-сы қайтыс болды", – деді ол.

Оның айтуынша, жанжал кезінде жарақат алған 100 адам денсаулық сақтау ұйымдарында ем қабылдап жатыр. Бұған дейін 150 адамның зардап шеккені хабарланған еді. 

Солтонбекованың мәліметі бойынша, Баткен облысына 25 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілген. 

Бұған дейін екі мемлекет шекарасындағы қақтығыс 29 сәуірде басталған еді. 1 мамырда қос елдің билігі атысты тоқтату және әскерді сол маңнан шығару туралы шешім қабылдап, өзара бітімге келді.  

Қырғыз тарапының мәліметі бойынша, тәжіктер бірнеше шекара заставасына оқ жаудырған,бұған жауап ретінде қырғызстандық арнайы күштер "Хожа Алло" деп аталатын тәжік шекара заставасын басып алды. Қырғыз тарапы шиеленістің басталуына тәжік тарапының электр желісі бағаналарына бейнебақылау камераларын орнатуы себеп болды деп отыр. Қырғызстандықтар олардың бұл әрекетіне қарсы шығып, бағананы кеспекші болған. Оның арты тас лақтырысуға ұласып кеткен. Түнде қақтығыс ушығып, Тәжікстанның жергілікті тұрғындары атыс ашқан. Осыдан кейін Қырғызстан округтерінде төтенше жағдай режимі енгізіліп, қақтығыс аймағынан әйелдер мен балаларды эвакуациялады. 

Табиғат Нұрболат 

Фото: regnum.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу