Шекарадағы Катонқарағай халқының 53 пайызы көшіп кеткен

1522

13 елдімекенге 10,5 млрд теңге бөлінбек.

Шекарадағы Катонқарағай халқының 53 пайызы көшіп кеткен

Халық алдындағы кезекті есептік кездесуінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов бұрын аудан орталығы болған 13 елдімекенге ерекше көңіл бөлетінін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Барлық бұрынғы аудан орталықтарындағы көшелердің 44 пайызы ғана жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Мысалы, Қайнар ауылында барлық жолдардың жағдайы нашар. Бозанбайдағы жолдардың 69%-ы, Баршатастағы жолдардың 63%-ы, Серебрянскідегі жолдардың 68%-ы қанағаттанарлық жағдайға", - дейді әкім. 

Даниал Ахметовтің сөзіне қарағанда, бұл елдімекендерде рекреациялық және спорттық құрылыстар желісі нашар дамыған, тұрғын үй салу қажет. 

"Ауылдардың аудан орталығынан қашықтығы халықтың өмір сүру сапасына әсер етіп, олардың көшуіне алып келетінін көріп отырмыз. Қазіргі уақытта бұрынғы аудан орталықтарында 60 мыңнан астам адам тұрады. 1999 жылдан бастап халық саны 23 мың адамға немесе 27%-ға азайды", - деді облыс әкімі.

Атап сайтсақ, Катонқарағайда халықтың 53%-ы, Бозанбайда – 51%-ы, Жаңа Шүлбіде – 46%-ы, Баршатаста – 45%-ы, Марқакөлде 30%-ы ауып кеткен.

Даниал Ахметов "көшті" бәсеңдету үшін аудан әкімдері мен Семей қаласының әкіміне Экономика басқармасымен бірлесіп бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламаларын жасауды бюджет шығындарын барлық бағыттар бойынша теңестіруді, 10,5 млрд теңге сомасына 44 жобаны іске қосуды тапсырды.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу