Қазақстан Қытайға нота жіберді

823

Алайда бұл бірінші жіберілген нота емес.

Қазақстан Қытайға нота жіберді

Шекарадағы кептеліске қатысты Қазақстан үкіметі Қытайға нота жіберді, деп хабарлайды Atameken Business.

Бір жылда төрт мәрте дипломатиялық хат жолданған. Бұл жайында Индустрия министрлігі хабарлайды. Соның негізінде қараша айында Қытай үкіметімен кездесу өтті.

Нәтижесінде бірқатар келісімдер жасалды. Нақтыласақ, экспорт-импортты арттыру үшін бұрынғыдай 8 емес, 11 пойыз қатынайтын болды. Бірақ мәселе, мұнымен бітті деуге келмес. Егер Қытайда эпидахуал нашарласа, жағдай қайталануы мүмкін. Сондықтан үкіметаралық келіссөздер кепілдік бола алмайды.

"Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы кептеліс бойынша өте өзекті мәселелер қозғалды. Отырыс нәтижесі бойынша автомобиль, теміржол өткізу пунктерін өткізу қабілеттіліктерін артыру бүгінде оң шешімін тауып отыр", – дейді ҚР ИИДМ Теміржол инфрақұрылымын және жүк көлігі тасымалын дамыту басқармасының басшысы Замира Орынбасарқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу