Шекарадағы кептеліс шешілмесе, барлық тауардың бағасы шарықтап кетуі мүмкін

866

Отандық логистикалық компания өкілі осылай деп дабыл қақты. Оның сөзінше, Қазақстанға келуі керек жүзден астам контейнер Қытайдан шыға алмай тұр. Соның салдарынан жеткізу мен тауардың өзіндік құны да қымбаттап кетеді дейді. Тауарлардың шекара аса алмай тұрғанына не себеп?

Шекарадағы кептеліс шешілмесе, барлық тауардың бағасы шарықтап кетуі мүмкін

Шығыстағы шаруалар елемізбен шекаралас мемлекеттегі әріптестерімен тығыз байланыста. Бірақ былтырдан бері кәсіптері тұралап, тоқтап қалудың аз-ақ алдында тұрған кәсіпорындар саны көбейген. Себебі тауар өндірушілердің тұрақты сатып алушылары Қытай елінде, деп хабарлайды Atameken Business.

Көрші елдің пандемияға байланысты шекараға енгізген шектеулері тым қатал. Зардабын жергілікті жерлес кәсіпкерлер тартуда. Мәселенің мән-жайын Жанболат Санияз тарқатып айтады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу