Шекарадағы кептеліске байланысты Қазақстан Қытайға нота жолдады

899

Шекарадағы кептеліске байланысты Қазақстан Қытайға нота жолдады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Шекарадағы кептеліске байланысты Қазақстан Қытайға нота жолдады

Бұл туралы Премьер-министрдің өзі хабарлады. Асқар Маминнің айтуынша, шығыстағы көршіміз бекеттер арқылы бір күнде өтетін көлік санын 20-ға дейін қысқартқан. Ал пандемияға дейін бұл сан 200-ге жуық болатын. Санитарлық талапты алға тартқан қытай жағының әрекетінен жүк көліктері кезегін апталап күтуге мәжбүр. Негізі қос тарап, шекара ашылғалы көрші ел  қабылдайтын көлік санын күніне 80-ге дейін жеткізуге келіскен. Бірақ өткен айдың 10-ы мен 24-і аралығында, яғни 2 аптада шекрадан ары қарай тек 381 автокөлік құралы жіберілген. Ал қандай да бір шектеудің бары туралы біздің жаққа ресми ескертілмеген. Осыған байланысты Үкімет басшысы Қытай билігінен жағдайды түсіндіруін сұрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу