Шекарадағы өткізу бекеттері стратегиялық нысандар қатарына жатқызылады

202

Бұл шешім Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мәселелеріне байланысты қабылданып отыр.

Шекарадағы өткізу бекеттері стратегиялық нысандар қатарына жатқызылады Фото: freepik

Қазақстанның мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерін стратегиялық нысандар қатарына жатқызуды көздейтін үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктерінің қазақстандық қоғамның орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оларды иелену және пайдалану және басқару Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне ықпал ететін болады. Осыған байланысты оларды стратегиялық объектілерге жатқызу қажеттілігі туындайды", – делінген құжат жобасының негіздемесінде. 

Заң бойынша, қазіргі таңда стратегиялық нысандарға ҚР Қарулы күштерінің мекемелері мен әскери бөлімдері, мемлекеттік материалдық резерві сақталатын нысандар, бактериологиялық, биологиялық және өзге де қауіпті заттар сақталатын мемлекеттік ұйымдар, ғарыш инфрақұрылымы нысандары, атом энергиясын қолданатын нысандар, жылу-электр орталықтары мен ауыз сумен қамту нысандары жатқызылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу