"Шекарадағы заңсыздық": Қаржы министрлігі бақылау неге "күшейгенін" түсіндірді

1003

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ақпарына қарағанда, кеденде тексерілетін құжаттарда тауар бағасы басқаша жазылады. Ол, әрине, тауардың кедендік құнына әсер етеді. 

"Шекарадағы заңсыздық": Қаржы министрлігі бақылау неге "күшейгенін" түсіндірді Фото: inform.kz

Осыған байланысты Қытайдың мемлекеттік салық әкімшілігінен мәліметтер алынған. Үш жыл ішінде бұзушылықтардың жалпы сомасы 165 млрд теңге болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

"Әлеуметтік желілерде бизнес-қауымдастық өкілдері ҚХР-мен шекарадағы жүргізіліп жатқан бақылау шараларына қатысты жариялымдары жарық көрген болатын. Мемлекеттік кірістер комитеті аталған жариялымдарды қарастырып, түсіндірме береді", – деп жазылған ақпарда. 

Ақпаратқа қарағанда, мемлекет басшысы кедендік бақылауды, оның ішінде ҚХР-мен шекарада бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді. Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға және ҚХР-мен шекаралас өткізу пункттерінің қызметіне бірлескен тексерулер жүргізіп жатыр.

Соның ішінде Қаржы министрлігі мынадай жұмыстар атқарып жатыр:
- кедендік статистикада алшақтықтары бар басым тауар топтарын айқындау;
- тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және субъектіге бағдарланған тәсілді қайта қарау;
- кеден саласы маңындағы субъектілерді санаттау;
- тауарлардың барлық негізгі топтары бойынша тәуекелдің құндық индикаторларын қалыптастыру және өзектендіру;
- өзекті баға ақпаратын жариялау;
- бір күндік фирмалардың қызметін шектеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- ақпараттық жүйелерді жетілдіру және модификациялау және т.б.

"2021 жылы 17,6 мың тауарларға арналған декларациялар түзетілді, жете тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтардың тиімділігі екі есе өсті. Жалпы біз бизнеспен диалогқа ашықпыз, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары тарапынан заңсыз әрекеттердің нақты фактілері болған жағдайда, осындай жағдайлар бойынша ақпаратты неғұрлым егжей-тегжейлі қарау үшін ұсынуды сұраймыз", – деп хабарлайды министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу