Шекарадағы жүк: Қазақстан мен Қытай келісімге келді

991

Қытай шекарадағы пойыздарды тәуліктік қабылдау санын көбейтетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шекарадағы жүк: Қазақстан мен Қытай келісімге келді

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметінше, биыл 26 қазанда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы жағдайға байланысты бейнеконференция форматында кеңес өткен. Оған "ҚТЖ" АҚ, "Қытай темір жолы", "Үрімші темір жолы" ЖШҚ және ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысқан.

"Кездесу барысында қытайлық тарап ҚХР-дан Қазақстанға тоқтап тұрған импорттық контейнерлерді жөнелтуді жеделдету ниетін растады. Биыл қазанның соңына дейін жүктердің жартысы жөнелтіледі", – деп жазылған хабарлама.

Сонымен қатар "ҚТЖ" АҚ шекарадағы мәселені шешу үшін барлық қажет шараларды қабылдап жатқанын атап өтіп, проблема Үкіметтің бақылауында екенін жеткізді.

"2021 жылғы 21 қазанда Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэнмен телефон арқылы сөйлесті. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасында жүктерді қабылдау мен тапсыруды қайта бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", – деп жазылған хабарламада.

Осыған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның атына қос мемлекет арасында автомобиль және теміржол өткізу пункттері арқылы жүктерді тасымалдауда мәселе барын, оны реттеу жөнінде хат жолдаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу