Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

462

Түркістан облысында шекарадан марихуана алып өтпек болған шетелдік анықталды.

Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Өзбекстандық азамат Атамекен шекара бақылау бекеті арқылы Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өткен, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам төлқұжатқа мөр бастырып шыққан сәтте, Икар атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатқан. Полицейлер шетел азаматын тінту кезінде оның оң аяғына киген шұлығынан полиэтилен пакетке оралған есірткіге ұқсас затты тапты. Тәркілеп алынған затқа бірден сараптама тағайындалып, нәтижесінде марихуана есірткісі болып шықты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеуге алды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғандай, күдікті ер адам Қазақстанға жұмыс істеу мақсатында келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу