Шекарадан есірткі заттарын алып өтпек болған шетел азаматтары ұсталды

541

Жағдай "Б.Қонысбаев" кеден бекетінде тіркелді.

Шекарадан есірткі заттарын алып өтпек болған шетел азаматтары ұсталды

Түркістан облысы бойынша МКД қызметкерлері "Б.Қонысбаев" кеден бекетінде шекарадан есірткі заттарын киімдеріне жасырып алып өтпек болған шетелдіктерді ұстады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

10 тамызда еліне қайтып бара жатып Өзбекстан азаматының жеке заттары мен киімін тінту барысында белбеуіне бекітілген полиэтилен пакетіне оралған белгісіз зат табылған. Мамандар заттың "қарасора бүршігі" екенін анықтаған.

Араға бір күн салып тыйым салынған заттарды өткізудің екінші фактісі анықталыпты. Дәл осы кеден бекеті арқылы Тәжікстаннан Литваға бағыт алған көлік жүргізушісінің қалтасынан күмәнді ұсақ пакет табылған. Алдын-ала дерек бойынша, бұл салмағы 3 гр құрайтын гашиш заты екені белгілі болып отыр. 

Аталған фактілер бойынша барлық материалдар құқық қорғау органдарына тергеу амалдарын жүргізу және сәйкес шешім шығару мақсатында жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу