Түркістан облысында шекарадан есірткі затын алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды

519

Күдікті қамауға алынды. 

Түркістан облысында шекарадан есірткі затын алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тәртіп сақшылары шекарадан есірткі алып өтпек болған шетел азаматын ұстады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жібек жолы шекара бекетінен Өзбекстан Республикасына өтпекші болған шетелдік жас жігітке Джайма атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатқан. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, тінту кезінде күдіктінің аяқ киімінің ұлтарағының астынан есірткі затына ұқсас затты тапқан. Нәтижесінде, ол гашиш болып шықты. 

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша тіркеуге алынды. 

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу