Кеше Жамбыл облысының Бесағаш шекара бөлімшесінің аумағында Қазақстаннан Қырғызстанға сұңқар тұқымдас 9 ителгі құсын заңсыз алып өтпек болған белгісіз азаматтар ұсталды. Бұл құстар Қазақстанның қызыл кітабына енген.
Аталмыш жағдай Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен "Охотзоопром" инспекторларының бірлескен жұмысының нәтижесінде анықталды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу