Шекарадан құны 210 млн теңге болатын темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

1367

Биыл 7 наурызда "Айша бибі" автомобиль өткізу пунктінде Қырғызстаннан контрабандалық өнімді кіргізудің екі дерегі тіркелді. 

Шекарадан құны 210 млн теңге болатын темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Жамбыл облысында шекарадан құны 210 млн теңге болатын темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің дерегінше, Қырғызстан азаматтары елге электронды темекіні заңсыз жолмен өткізбек болған.

"Қазақстанға кірер алдында оларға тиесілі Volvo және Mercedes-Benz жүк көліктеріне тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде ілеспе құжаттары жоқ "электрондық темекінің" ірі партиясы анықталды. Жүктің алдын ала құны – шамамен 210 млн теңге", – деп жазылған хабарламада.

Ұсталған тауар мен жүк көліктері процессуалды шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу