Жалған құжатпен Қазақстан шекарасын басып өтпек болған Тәжікстанның 6 азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚК-ға сілтеме жасап.
"22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайы мен Павлодар облысы "Шарбақты" өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталды. Олардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беретін жалған анықтамалар мен Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөрі басылған төлқұжаттар тәркіленді", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу