Шекарадан өтуге қойылған шектеу тағы 4 айға ұзартылды

112

"Тажен" өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін жабық болады.  

Шекарадан өтуге қойылған шектеу тағы 4 айға ұзартылды Фото: aniq.uz

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдарымен келісім бойынша "Тажен" өткізу пункті арқылы жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және жүк көтергіштігі 3,5 тоннаға дейінгі автокөлік құралдарына қозғалыс уақытша тоқтатылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрылыс жұмыстарының жалғасуына байланысты Қазақстан Республикасы Өзбекстан тарапына шекарадан өтуге қойылған шектеуді тағы 4 айға – 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзарту жөнінде ресми түрде ұсыныс білдірді. Бұл бастаманы Өзбекстан қолдады.

Қосымша ретінде, мамыр мен тамыз айлары аралығында "НК КазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ "Тажен" (Қазақстан) және "Даут Ата" (Өзбекстан) өткізу пункттері арасындағы бейтарап аймақта автожол құрылысын жүргізетін болады. Ұқсас жұмыстар Өзбекстан тарапынан да жүргізілуі жоспарланып отыр.

Бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу пунктінде жүргізіліп жатқан құрылыс пен қайта жаңарту жұмыстарын жеделдету мақсатында қабылданды. Қазір бекетте жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда нысанда ауқымды жұмыстар жүргізілуде: металл конструкцияларды орнату, инженерлік желілерді тарту, ғимараттарға күрделі жөндеу жасау.

"Азаматтардан сапарларын және маршруттарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұраймыз", – делінген Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу