2023 жылдың қазанында "Алакөл", "Қалжат", "Майқапшағай", "Тәжен" және "Темір баба" өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақытын айқындау бойынша іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Зерттеу нәтижесі бойынша, "Алакөл" өткізу пунктінде тауарларды шығарудың орташа уақыты - 1 сағат 50 минутты, "Қалжат" өткізу пункттінде 1 сағат 25 минутты, "Майқапшағай" өткізу пунктінде - 1 сағат 55 минутты, "Тәжен" және "Темір баба" өткізу пункттерінде, тиісінше, 1 сағат 45 минутты және 1 сағат 55 минутты құрады.
"Зерттеу жүргізу Дүниежүзілік сауда ұйымының "Сауда рәсімдерін оңайлату туралы" Келісімінің 7-бабы 6.1-тармағында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау және агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеттерінің бірлескен бұйрығында көзделген. Автомобиль өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақыты уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде есептеледі. Бұл ретте тауарларды шығарудың орташа уақытына мемлекеттік бақылаудан (шекаралық, кедендік, көліктік, ветеринариялық, фитосанитариялық, санитариялық-карантиндық, радиациялық бақылау) және кедендік декларациялаудан өтуге жұмсалатын уақыт кіреді", – деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.