Ресейге 80 млн теңгенің майнингке арналған жабдығын заңсыз алып өтпек болған

1278

Жүргізуші "Жайсаң" автомобиль өткізу пунктінде ұсталды.  

Ресейге 80 млн теңгенің майнингке арналған жабдығын заңсыз алып өтпек болған

Ақтөбе облысында шекарашылар майнинг жабдықтарын заңсыз өткізбек болған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҰҚК Шекара қызметінің дерегінше, Ақтөбе облысы бойынша департамент шекарашылары "Жайсаң" автомобиль өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге бара жатқан DAF жүк көлігін ұстаған.

"Оны толық тексеру кезінде ілеспе құжаттары жоқ саны 813 қорапқа салынған кабельдер, майнингке арналған Avalon жабдығы табылды. Алдын ала бағалау бойынша ұсталған жүктің құны – шамамен 80 млн теңге. Барлық техника процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу