Шекарадан заңсыз өткен қандастарды қолдау үшін қол жинамақ

723

Баспасөз мәслихатын өткізгендер Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлын Қазақстанда алып қаламыз деп мәлімдеді.

Шекарадан заңсыз өткен қандастарды қолдау үшін қол жинамақ

Бүгін партия ретінде тіркелмеген Демократиялық партияның басты өкілдері Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, шекараны заңсыз кесіп өткен Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлын Қазақстанда алып қаламыз деп мәлімдеді.

"Ал ҰҚК-ның оларды Қытайға беруіміз мүмкін деген мәлімдемесі алаңдаушылық туғызады. Сондықтан біз қандастарымыз Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлын Қазақстанда алып қалу үшін арнайы құжаттар дайындап, қол жинаймыз. Сот процесін назарда ұстаймыз. Егер оларды Қытайға қайтару қаупі төнсе, біз наразылық акцияларын ұйымдастыруға дайынбыз",–деді Демократиялық партияның мүшесі Жанболат Мамай.

Еске сала кетсек, 5 желтоқсанда ҚР ҰҚҚ баспасөз қызметі ҚР ҰҚҚ төрағасының орынбасары Дархан Ділмановтың сұхбатын жариялаған еді. Онда Қытайдан қашып келген этикалық қазақтар – Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының тергеуден кейін ҚХР-ға берілетіні туралы айтылады. Олар 9 қазанда шекарадан заңсыз өтіп, 10 қазанда Алматыға келген. Кейін екеуі де қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу