Шекараға жақын маңға зымыранның бір бөлігі құлады

979

БҚО Бөкей ордасы ауданында мемлекеттік шекарадан үш шақырым қашықтықта, "Молодость" жаяу жүргіншілер жолағына құлаған.

Шекараға жақын маңға зымыранның бір бөлігі құлады

Мемлекеттік шекарадан үш шақырым қашықтықтан зымыранның бір бөлігі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, зымыранның бір бөлігі 30 қаңтар күні БҚО Бөкей ордасы ауданында мемлекеттік шекарадан үш шақырым қашықтықта, "Молодость" жаяу жүргіншілер жолағына құлаған. Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов бұл ақпаратты растады.

"Бұл жанармай құятын багы болуы мүмкін, оны 30 қаңтарда шекара қызметкерлері тапты. Кеше Ресей оқу-жаттығу өткізді, зымыранның бір бөлігі сол жақтан ұшып келуі мүмкін. Оқиға орнында жедел топ жұмыс істеп жатыр. Ешкім зардап шеккен жоқ",  деп хабарлады Нұрлан Рақымжанов.

Қосымша ақпарат мамандардың жұмысынан кейін белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу