Шекаралық өткізу пунктерінде көлік қозғалысы автоматтандырылады

861

Биыл ЕАЭО-ға импортталған тауарларға қосылған құн салығы бойынша түсімдер 136%-ға артты. 

Шекаралық өткізу пунктерінде көлік қозғалысы автоматтандырылады

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кедендік инфрақұрылымдарды, атап айтқанда, жоспарланған 10 өткізу пунктін жаңғырту көлік қозғалысын 2-ден 6 жолаққа дейін кеңейтеді. Тәулігіне өткізу қабілеті 8 есе артады. Шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады. Көлік қозғалысының бүкіл циклі автоматтандырылады", – деді спикер. 

Осы шаралардың нәтижесінде жалған транзит үлесін 2019 жылғы 28%-дан биыл 1,3%-ға дейін төмендетілді.

"Жыл басынан бастап жалған транзитпен айналысқандардың мекенжайына тауар жеткізудің 177 фактісі анықталды. Өткен жылдары осындай 11 мың факт анықталған болатын. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде биыл ЕАЭО-ға импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы түсімдері 136%-ға немесе 149 млрд теңгеге артты", – деді Жайдар Іңкәрбаев.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу