Шекаралық заставаға Қасым Қайсенов аты берілді

2781

Бұл ретте қазақтарды атып-асқан қандықол Кондюриннің аты алып тасталды.

Шекаралық заставаға Қасым Қайсенов аты берілді

Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары мал-мүлікті тәркілеу мен ашаршылықтан құтылу үшін Шығыс Түркістанға, Қытайға қашқан қазақтарды тергеу-сотсыз зеңбірекпен атқылап, халық арасында "қанішер қандірің" атанған бөлімше командирі В.Кондюриннің есімі енді шекаралық нысанда ұлықталмайтын болды.

"Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің "В.В. Кондюрин атындағы" шекара заставасын қайта атау туралы" қаулыға сәйкес, 2019 жылғы 18 сәуірден бастап, осы шекара заставасы соғыс ардагері Қасым Қайсенов атын қайта алды.

Үкімет бұл бастаманың авторы Мәжіліс депутаты, "Qazaqstan ardagerleri" қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл екенін еске салады. Халық қалаулысы 2018 жылғы 3 қазанда Үкімет басшысы атына депутаттық сауал жолдап, аталған шекара заставасында жендеттің атын ұлықтауды тоқтатып, Ұлы Отан ардагері, "Халық Қаһарманы", даңқты партизан, көрнекті жазушы, осы өлкенің ұланы Қасым Қайсенов атымен қайта атауды ұсыныпты. Бұл ұлтжанды бастама Үкімет тарапынан қолдау тауып, енді өмірде іске асты.

Құжатқа түсіндірме жазбада ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл қадамның "Қазақстанның өткен тарихына елеулі еңбек сіңірген көрнекті тұлғаны мәңгі есте қалдыру, тарихты үлгі ете отырып, жастарды одан әрі дамытуға және патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал ету" үшін жасалып отырғанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу