Шекараны күзету мен қорғаудың мықты жүйесін қалыптастырудың маңызы зор – Мәулен Әшімбаев

852

Ұлттық қауіпсіздік органдарының басқару қызметі оңтайландырылады. 

Шекараны күзету мен қорғаудың мықты жүйесін қалыптастырудың маңызы зор – Мәулен Әшімбаев Фото: Серікжан Қобыланбаев

Сенатта "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды.

Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді. Ол мемлекеттік шекара – ұлттық қауіпсіздігіміз бен елдігіміздің кепілі екенін тілге тиек етіп, қабылданған заң ұлттық қауіпсіздік органдарының басқару қызметін оңтайландыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. 

"Заңда маңызды нормалар қарастырылды. Олар Президентіміздің мемлекеттік шекараның мызғымастығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға арналған. Әлемде түрлі сын-қатерлердің туындап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан шекараны уақыт талабына сай күзетудің және қорғаудың мықты жүйесін қалыптастырудың маңызы зор. Осы орайда бүгін қабылданған заң ұлттық қауіпсіздік органдары мен шекара қызметінің тиімділігін арттыруға, шекарамыздың беріктігін қамтамасыз етуге қызмет етеді деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу